Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Bursa °C

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
REKLAM ALANI
02.02.2024
A+
A-

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

2024 жылғы

 

 

 

Президентке ведомствоның 2023 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр ҰҚК бөлімшелері елімізде екі террорлық әрекеттің және шетелдің арнаулы қызметтерімен бірге өзге мемлекеттердің аумағында үш лаңкестік акцияның алдын алғаны жөнінде баяндалды. Лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 43 адам сотталды. Жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен терроризмге қарсы 208 командалық-штабтық және 196 жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткен.

 

 

 

 

Ермек Сағымбаев экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жиі кездесетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының нәтижесі жөнінде айтты. Қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы 1,5 триллион теңгеден астам қаржы түскен, соның ішінде мемлекеттік бюджетке қайтару бастамасы аясында 680 миллиард теңгеден аса қаржы қайтарылды.

 

 

 

Сонымен қатар кездесуде Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұйымдасқан 15 қылмыстық топ қызметінің жолы кесілгені, сондай-ақ 681 қару мен 85 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленгені туралы айтылды.

Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша 36 зертхана жойылды. 34 халықаралық және 32 өңірлік есірткі арнасына тосқауыл қойылып, 3,6 тонна есірткі тәркіленді.

 

 

 

ҰҚК халықаралық ынтымақтастық аясында шетелдік әріптестерімен бірқатар операцияны жүзеге асырды.

Мемлекеттік шекараны күзету саласында құқық бұзған 31 мыңнан астам адам ұсталған. Қару-жарақ, оқ-дәрі және есірткі алып өтуге қатысты 739 әрекетке, сондай-ақ жалпы сомасы 11,7 миллиард теңге болатын валюта мен алтынды, сомасы 12,6 миллиард теңгені құрайтын тауарды тасымалдауға жол берілмеді.

 

 

 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық бөлімшелері мемлекеттік органдардың ресурстарына және елдің маңызды стратегиялық инфрақұрылым нысандарына жасалған 86,3 миллион кибершабуыл мен 2156 DDoS-шабуылды тойтарған.

 

 

 

 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ulttyk-kauipsizdik-komitetinin-toragasy-ermek-sagymbaevty-kabyldady-3102829

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.