Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты

Жаңалықтар Ақорда Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты <img src="https://bursagunesgazetesi.
Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты
Yayın: 27 Nisan 2022 Bugün, DÜNYA Google News

Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты


2022 жылғы 27 сәуір
Президент«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰКП-ны трансформациялау жолдары таныстырылды.

Райымбек Баталов биылғы ақпан айында өткен Кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезінде микро және шағын бизнесті қолдауға мән бере отырып, мекеменің қызметін трансформациялау туралы шешім қабылданғанын айтты. Сондай-ақ «Атамекен» басшысы Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысына салалық сараптаманың сапасы мен жауапкершілігін арттыру үшін бизнесті жұмылдыру жөніндегі ҰКП-ның жоспары таныстырылды. Атап айтқанда, палата мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттары мен бұйрықтарына қатысты жобаларды бизнеспен бірге талқылап, апробациядан өткізуге ниетті. Бұл мемлекет пен бизнестің өзара конструктивті ықпалдастығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында бизнеске жасалатын заңнамалық деңгейдегі қысымды азайтуға, сот пен прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның бизнес пен билік арасындағы ықпалдастықтың алтын көпірі болуға тиіс екенін ерекше атап өтіп, «Атамекеннің» қызметін жүйелі түрде өзгерту қажеттігін қолдады.

Сонымен қатар Президент бизнес-ортаны бюрократиядан арылту жөнінде қабылданып жатқан шараларды және жүктелген міндеттерді жылдам әрі тиімді шешу үшін трансформация кезінде президиум төрағасы мен палата басқармасының позицияларын қосу қажет екенін мақұлдады.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес-қоғамдастықтың құқығын қорғауға ықпал ететін институт ретінде ҰКП-ны реформалау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-atameken-ulttyk-kasipkerler-palatasyn-odan-ari-damytu-strategiyasymen-tanysty-2731657

 

 

Son Güncelleme: 27 Nisan 2022